Абай облысында күнбағыс қабығы жанып жатыр
- 14.04.2025 10:08
Ауыл тұрғындарын эвакуациялау жүргізілуде.
Қазіргі уақытта ТЖМ өрт сөндірушілері қызыл жалынды сөндіруде. Оқиға орнында облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков бар.
"Жаңасемей ауданы Приречное кентіндегі өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 40 адам және 16 бірлік техника жұмылдырылды", — делінген хабарламада.
ТЖМ күштері тұрғындарды эвакуациялауды жүргізуде. Өртті сөндіру қатты желмен күрделенуде.
Сурет: Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі