Logo Logo
  • Главная
  • Новости
  • Персонально
  • Срочно
  • Человек и закон
  • Факты
  • В Мире
  • В Стране
  • О нас

Copyright © 2026 http://echo-january.com

Image
«Тренировка для меня — это динамическая медитация»: Зачем девушки занимаются единоборствами
  • 30.04.2026 23:33

«Тренировка для меня — это динамическая медитация»: Зачем девушки занимаются единоборствами

Я живу с биполярным расстройством
  • 30.04.2026 23:30

Я живу с биполярным расстройством

Презентация проекта Together X: Как это было
  • 30.04.2026 23:08

Презентация проекта Together X: Как это было

Айсана Ашим и Енлик Тлепова запустили клуб для женщин Sheroes
  • 30.04.2026 23:04

Айсана Ашим и Енлик Тлепова запустили клуб для женщин Sheroes

Персонально

Қызылордада өмір сүру қанша тұрады?

  • 30.04.2026 22:16

Қызылорда — Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан қала. Оның негізі 1818 жылы қорған ретінде қаланған. Атауы Ақмешіт, Перовск, қайтадан Ақмешіт, Қызылорда болып бірнеше рет өзгерді. 1925-1927 жылдары ол Қазақ АКСР-інің астанасы болды.

2020 жылдың 1 наурызындағы статистикалық деректер бойынша қала халқының саны 360 мыңға жуық болған. Статистика комитетінің дерегіне сүйенсек, Қызылордада 293 мыңнан астам қазақ, 10 мыңға жуық орыс және 5 мыңнан астам корей бар. Жалпы, қалада 18-ден астам ұлт өкілі тұрады. Қызылорда тұрғыны қала бағалары мен тарихи жерлері туралы әрі карантиндегі жағдайы жөнінде айтып берді.

Ең төмен: 30-40 мың

Орташа: 80-120 мың

Ең жоғары: 180 мыңнан жоғары

Тұрғындардың орташа кірісі


Халықтың басым көпшілігі жеке кәсіпорындарда және мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. «Құмкөл», «Теңізшевройл», «Қарашығанақ» сияқты ірі мұнай-газ кен орындарында вахталық жұмыс істейтін адам көп.

Қалалық орта


Қызылорда Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан. Ауыл шаруашылығы үшін Сырдарияның маңызы зор. Қала климаты тұрақты. Жел мен құрғақшылық көп байқалады. Арал теңізінің тартылуынан әрі Байқоңыр ғарыш алаңы тарататын улы заттар әсерінен экологиялық жағдайы төмен.

Облыста біраз кәсіпорын бар. Солардың ішінде «Арал тұз» акционерлік қоғамының маңызы жоғары. 1925 жылы құрылған кәсіпорын бүгін Қазақстан халқын сапалы ас тұзымен қамтамасыз етіп отыр.

Қызылорданың бренді — күріш. Күріш өңдеумен айналысатын «Жаңажол», «Мағжан и К», «РЗА-Агро» сияқты бірнеше компания бар. Қазақстан бойынша қала күріш өндіруден бірінші орында тұр.

Қызылорданы аралай жүріп, тарихи қала екеніне көз жеткізесіз. Себебі ол 200 жылдан бері қалыптасып, бой көтерді. Ең танымал әрі көрікті жерлерінің бірі — Сырдария жағалауы.

Тұрғын үй құрылысы күріш отанында біршама дамып келеді. Соңғы бір-екі жылда Сырдарияның сол жағалауына «қала» салынып, халық қоныстанады деген жоспар бар. Урбанистердің сөзінше, жаңа қала шығыс, нақтырақ айтқанда түркі стилінде болады.

Көлік


Статистика комитетінің мәліметі бойынша қалада тіркелген көлік саны — 113 мыңға жуық. Мегаполистегі көлік санымен салыстырғанда аз болғандықтан, кептеліс болмайды. Халық керек жеріне бару үшін көбіне автобуспен қатынайды.

Қоғамдық көліктерде жол ақысы ересектерге 90 теңге, оқушыларға 40 теңге. Таксидің қала ішіндегі орташа бағасы 400-900 теңге шамасында. Оны жол-жөнекей тоқтатуға да, арнайы тапсырыс беріп шақыруға да болады. Жиі қолданылатын мобайл қосымшалар — Indriver, Яндекс.Такси.

Баспана


Қызылорда қаласында бір тәулікке пәтер жалдау құны 3500-4000 теңгеден басталады. Пәтер бағасы бөлме саны мен сапасына қарай әртүрлі. 2020 жылы krisha.kz зерттеуі бойынша, жыл ішінде барлық қалада пәтер қымбаттаса, Қызылордада -0,8%-ға төмендеген екен. Бір айға бір бөлмелі пәтер жалдау — 50-60 мың теңге, екі бөлмелі — 70-80 мың, үш бөлмелі 80 мың теңгеден басталады.

Қалада пәтер сатып алу құны тым қымбат емес. Кем дегенде 2-3 миллион теңгеге бір бөлмелі шағын пәтер ала аласыз. Орталықтағы үш бөлмелі пәтерлер құны 8-9 миллион теңгеден басталады.

Қала қонақтары көбіне бесжұлдызды Sultan Plaza-да тұрақтайды. Бір күн қонақтау шамамен 28-70 мың теңге. Бағасы қолжетімді «Шаңырақ», Van Gogh секілді қонақүйлер де бар.

Азық түлік пен денсаулық


Қалада «Қызылорда», Small, «Аль-Асад» сияқты бірнеше супермаркет желісі орналасқан. Қарапайым халық азық-түлікті арзан бағаға «Ескі базар» сияқты жерлерден сатып алады.

Төрт адамнан тұратын отбасы азық-түлікке аптасына шамамен 20 мың теңге жұмсайды. Азық-түлік бағасы тұрақты. Бір келі картоп — 110 теңге, бір келі пияз — 70 теңге, нан — 70-80 теңге.

Buffet city, Cairo, «Асон» және «Кореана» мейрамхана мен кафелері тұрғындар мен қонақтар арасында танымал. Орташа шот — 4-5 мың теңге. Global Coffee, Points Coffee сияқты жерлерде өзіңізбен кофе немесе салқын сусындар алып кетсеңіз болады. Мұндағы орташа чек — 1000 теңге.

Жеке клиникаларда дәрігерге қаралу 4000 теңгеден басталады. Қажет қызмет түріне және дәрігердің біліктілігіне қарай қызмет бағасы артады. Жергілікті поликлиникаларға тегін ем алғысы келетін адамның көптігінен, кезек ұзын. Себебі тұрғындар таң атысымен келіп, кезекке тұрады.

Ойын сауық және мәдениет


Қала шағын, әрі сауда орталықтары аз. Олардың қатарында «Жібек жолы», Aray city mall, Aray park бар. Халық ең көп баратын жері — Aray city mall. Себебі бұл орталық жаңадан ашылған әрі ішінде Мagnum супермаркеті, киім дүкендері, кинотеатр, тамақтану орындары, балаларды ойнату залы — бәрі бар. Aray park-те spa, аквапарк болғандықтан жаз мезгілінде келушілер саны арта түседі.

Қала тарихынан сыр шертетін жер де аз емес. Соның бірі — 1939 жылы негізі қаланған облыстық тарихи-өлкетану музейі. Көне жәдігерлерді көріп, ескі қала туралы тереңірек білгіңіз келсе, музей есігі ашық. Сонымен қатар, «Байқоңыр космодромының тарихы» және «Арал тарихы» музейлері де бар. Билет құны 300-400 теңге.

Қызылордада көруге тұрарлық тағы бір жер — Нартай Бекежанов атындағы театр. Бұл мәдени орын қойылымдарды тамашалап, тарихқа үңіліп, рухани тынығуға мүмкіндік береді. Билет бағасы 300 теңгеден басталады.

Тұрғындар қала тарихын мақтан тұтады. Әсіресе, келген қонаққа міндетті түрде Қызылорданың сыртында орналасқан Қорқыт ата мемориалын көрсетуді жөн санайды. Себебі 8 гектар жерде орналасқан мемориал комплексінің архитектурасы мен ескерткіштері таңғалдырады. Ондағы амфитеатр, тілектер пирамидасы, қошқар мүсіні және әлемнің төрт бұрышына қаратып қойылған 12 метрлік стеланың ерекшеліктері бар. Мысалы, стеланың төбесінде 40 метал құбыр қойылған. Жел соққан кезде мемориал төңірегінде қобыз дыбысы естіледі. Бүгінде желмен бірге күңірене күй шертетін Қорқыт ата қобызы қалаға келген-кеткен жолаушылар мен халықтың зиярат ететін жеріне айналған.

Карантин


Қызылорда карантин алғаш енгізілген қалалардың бірі болды. 16 наурызда төтенше жағдай режимі жарияланғаннан бастап дүкен немесе дәріханаға бару қажеттілігі болғанда ғана үйден шығуға рұқсат етілді. 1 сәуірде қала ішінде блокбекеттер қойылды. Жұмысқа анықтама қағазымен ғана баруға мүмкіндік болатын.

Статистика бойынша виусты жұқтырғандар қатарында Қызылорда Алматы мен Астанадан кейін тұрғандықтан 10 сәуірде карантин режимі күшейтілді. Сыртқа медициналық бетпердесіз шығуға тыйым салынды. Ол кезде халық көшеге бетперде тақпай шықпайтын. 13 жасқа дейінгі балалар мен 65 жастан асқандарға үйде отыру міндеттелді. Азық-түлік дүкендері сағат 10:00-18:00 аралығында жұмыс істеді. Қоғамдық көліктер жұмысын тоқтатты. Халық арасында үрей байқалмады, бәрі ережеге бағынып, сақтануға тырысты.

29 сәуір күні карантин режимі жеңілдеді. Қала ішіндегі блокбекеттер алынып тасталды. Тұрғындарға аулада серуендеуге әрі ойын алаңдары мен аулаларда сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін жүруге рұқсат етілді. Азық-түлік дүкенінің жұмыс уақыты 10:00-20:00-ге дейін ұзартылды. Қоғамдық көліктер жұмыс істей бастады: таңертең сағат 06:00-09:00 және 18:00-20:00 аралығында автобустар жүреді.

Қазір режим жеңілдегендіктен халық қалада еркін жүріп-тұратын болды. Сақтандыру және нотариалдық кеңселер, автожуу және шаштараз қызметтері іске қосылды. Карантин режимі жеңілдеуінің екінші кезеңі 4 мамырда басталады. Бүгінде облыс бойынша 204 адам коронавируспен тіркелді.

МӘТІН: Ақбота Узбекбай

МҰҚАБА: mytravelbook

  • Qazaqsha
  • Қызылорда
  • карантин
  • SHARE ARTICLE:

Related

Вынос мусора в костюмах, сайт со звуками офиса и фильм про Хаяо Миядзаки

Вынос мусора в костюмах, сайт со звуками офиса и фильм про Хаяо Миядзаки

  • 30.04.2026
Қазақстанда 9 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

Қазақстанда 9 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

  • 30.04.2026

Новости

  • «Тренировка для меня — это динамическая медитация»: Зачем девушки занимаются единоборствами 30.04.2026 23:33

    «Тренировка для меня — это динамическая медитация»: Зачем девушки занимаются единоборствами

  • Я живу с биполярным расстройством 30.04.2026 23:30

    Я живу с биполярным расстройством

  • Презентация проекта Together X: Как это было 30.04.2026 23:08

    Презентация проекта Together X: Как это было

  • Айсана Ашим и Енлик Тлепова запустили клуб для женщин Sheroes 30.04.2026 23:04

    Айсана Ашим и Енлик Тлепова запустили клуб для женщин Sheroes

  • «Біз үлкен сеніммен көшіп келдік»: Үлкен тұрғындары өздері салған қаланың өмірі жайлы әңгімеледі 30.04.2026 23:00

    «Біз үлкен сеніммен көшіп келдік»: Үлкен тұрғындары өздері салған қаланың өмірі жайлы әңгімеледі

    30.04.2026 23:04

    В Мире

Айсана Ашим и Енлик Тлепова запустили клуб для женщин Sheroes

Read More

    30.04.2026 22:41

    В Мире

«Капля никотина убивает лошадь»: Откуда взялась фраза и кто проводил исследования на животных

Read More

    30.04.2026 22:31

    В Мире

Ходим в горы правильно: Когда, как и в чем

Read More

Tags

  • FIGHTCLUB.KZ
  • Биполярное расстройство
  • Женщины-предприниматели
  • Прочее Саморазвитие
  • Госутопия
  • Прочее АЭС
  • Улькен
  • Прочее Стипендии
  • Блокировка интернета
  • Никотин
  • Прочее IQOS
  • IQOS
  • Бренды PMI
  • Qazaq Grammar
  • Язык
  • Нурсултан Бағидолла
  • Кыздархан Рысберген
  • Прочее Походы
  • Кок-Жайляу
  • Прочее Кошки
  • Прочее ТЭЦ
  • Лондон
  • Прочее Обучение
  • Прочее Расизм
  • Миннеаполис
  • Қызылорда
  • Бренды Facebook
  • Хаяо Миядзаки
  • Бетпереде
  • Респиратор
Image Image

Copyright © 2026 http://echo-january.com

Email: [email protected]