Logo Logo
  • Главная
  • Новости
  • Персонально
  • Срочно
  • Человек и закон
  • Факты
  • В Мире
  • В Стране
  • О нас

Copyright © 2026 http://echo-january.com

Image
Токаев поручил ускорить крупный проект в Экибастузе
  • 21.05.2026 21:01

Токаев поручил ускорить крупный проект в Экибастузе

Аэропорт Алматы модернизируют в ускоренном режиме
  • 18.05.2026 21:06

Аэропорт Алматы модернизируют в ускоренном режиме

Что предусматривает концепция «Читающая нация»: Токаев подписал указ
  • 16.05.2026 21:05

Что предусматривает концепция «Читающая нация»: Токаев подписал указ

CATL начала сборку аккумуляторных модулей в Венгрии
  • 16.05.2026 21:03

CATL начала сборку аккумуляторных модулей в Венгрии

Персонально

Инвесторлар Қазақстанның еурооблигацияларына қызығып отыр

  • 22.10.2025 10:56

Қаржы министрлігі бес жылдық облигацияларды нарыққа шығара бастады. Осылайша, Қазақстанның еурооблигациялары нарықтың назарын өзіне аударды.

Болжам бойынша, еурооблигациялар көлемі $1-$1,5 млрд аралығында болады. Қайтару мерзіміне дейінгі табыс мөлшері инвесторлардан өтінім жинау нәтижесінде анықталады. Бағалы қағаздар Қазақстан қор биржасында (KASE), Астана халықаралық биржасында (AIX) және Лондон қор биржасында (LSE) орналастырылмақ.

Бүгінде KASE орналастырудың букраннері болып Teniz Capital инвестициялық компаниясы тағайындалған. Халықаралық орналастырудың бірлескен ұйымдастырушылары – Teniz Capital Investment Banking, Halyk Finance және шетелдік банктер Citi, J.P. Morgan, Standard Chartered Bank. Түсінкті болуы үшін айтсақ, "букраннер" деген – бағалы қағаздарды орналастыруды ұйымдастыратын негізгі компания. Ол облигация немесе акция шығару, сату және үйлестіру үдерісін басқарады. Енді орналастыру қорытындысы бойынша есеп айырысу 28 қазанда жүргізіледі екен.

Экономист Эльдар Шамсутдиновтың айтуынша, қазір еурооблигациялар өте төмен пайыздық мөлшерлемемен орналастырылып жатыр. Бұл расында ел үшін тарихи минимум. Экономист мұндағы табыс шамамен 4,35 пайыз болады деп пайымдайды. Бұл – ел тарихындағы ең төмен көрсеткіш. Сауда жалғасып жатқанымен, нарық қазір Қазақстанды ресми рейтингінен де жоғары бағалап отыр екен. Бүгінде біздің қағаздар Францияның OAT облигацияларынан да жақсы саудаланып, Катармен бір деңгейге жетіпті. Э.Шамсутдиновтың пікірінше, шетелдік инвесторлар Қазақстандағы іргелі экономикалық өзгерістерді байқап отыр. Елде салық жүйесі жаңарды. Мемлекеттің қарыз деңгейі шамамен ЖІӨ-нің 23 пайызы көлемінде сақталып тұр. Ұлттық банктің резервтері $55 млрд асты. Бюджет тапшылығы да азайып келеді.

"Ел ішінде жиі байқала бермейтін немесе бағаланбайтын өзгерістерді сыртқы нарық нақты түрде – төмен табыстылық пен жоғары сұраныс арқылы бағалап отыр. Негізі шетелдік инвесторлар елдің халықаралық беделін қалыптастырады және бизнес пен квазимемлекеттік сектор ұстанатын ашықтық стандарттарын белгілейді. Инвесторлар Қазақстанның мемлекеттік облигацияларын сатып алғанда, елдің институционалдық сапасына, макроэкономикалық тұрақтылығына және қаржы тәртібіне сенім білдіреді. Даму банктерінің несиелерінен айырмашылығы, облигация табыстылығы – бұл тәуекелдің нақты нарықтық бағасы. 4,35 пайыз шамасында және 80 базистік пункт спредімен орналастыру – Қазақстанның А-категориядағы ел ретінде қабылданатынын көрсетеді. Бұл – жүргізіліп жатқан реформалардың халықаралық деңгейде мойындалуы",– дейді Эльдар Шамсутдинов.

Қорыта айтқанда жағдай былай, Қазақстан шетелдік инвесторлардан қарыз алу үшін арнайы қазына қағаздарын, яғни еурооблигациялар шығарады. Инвесторлар бұл облигацияларды сатып алып, кейін өз ақшасын пайыздық табыспен қайта алады. Ал ел бюджетке қаржы тартып, бірнеше жылдан соң, сол соманы пайызымен қайтаруы тиіс. Егер инвесторлардың бұл облигацияларға қызығушылығы жорғары болса, бұл Қазақстан экономикасына сенім бар екенін білдіреді.

  • SHARE ARTICLE:

Новости

  • Токаев поручил ускорить крупный проект в Экибастузе 21.05.2026 21:01

    Токаев поручил ускорить крупный проект в Экибастузе

  • Аэропорт Алматы модернизируют в ускоренном режиме 18.05.2026 21:06

    Аэропорт Алматы модернизируют в ускоренном режиме

  • Что предусматривает концепция «Читающая нация»: Токаев подписал указ 16.05.2026 21:05

    Что предусматривает концепция «Читающая нация»: Токаев подписал указ

  • CATL начала сборку аккумуляторных модулей в Венгрии 16.05.2026 21:03

    CATL начала сборку аккумуляторных модулей в Венгрии

  • Новый завод по переработке отходов построят в Алматинской области 14.05.2026 21:09

    Новый завод по переработке отходов построят в Алматинской области

    21.05.2026 21:01

    В Мире

Токаев поручил ускорить крупный проект в Экибастузе

Read More

    09.05.2026 22:43

    В Мире

Наушники от Louis Vuitton и Levi’s на рэп-фестивале: Что нового в мире моды?

Read More

    08.05.2026 00:04

    В Мире

От Африки до Гавайев: необычная кухня в Chad Cafe

Read More

Tags

  • отходы
  • баранина
  • конкуренция
  • Айналайын
  • Прочее SOS-деревня
  • Ұят емес
  • Прочее Дети
  • Дайджест подарков
  • BORK
  • Levi’s
  • Louis Vuitton
  • Бренды Chanel
  • Интерьер
  • Доставка
  • Прочее Ритейл
  • Рядом Choco
  • Chocofamily
  • Бренды Sanofi
  • Прочее Питание
  • Азиатские пляжные игры
  • Заведения
  • Прочее Кулинария
  • Chad Cafe
  • Фастфуд
  • Ресторан
  • Жарка
  • Выносливость
  • Диджеи
  • Айнур Ниязова
  • Белки
Image Image

Copyright © 2026 http://echo-january.com

Email: [email protected]