Еліміздің орталығы мен солтүстігін байланыстыратын тас жолда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді

02.10.2026 13:59 · Человек и Закон

Еліміздің орталығы мен солтүстігін байланыстыратын тас жолда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді

Бүгін Қазақстанның орталығы мен солтүстігін байланыстыратын республикалық маңызы бар автомобиль жолында жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 2 қазанда "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады:

"2026 жылғы 2 қазан, сағат 17:00-ден бастап Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар KAZ13 "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" автомобиль жолының 875-шақырымында (Покровский көпірі) көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты жүк көліктері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді".

Жол қозғалысына қатысушылардан аталған учаскеде жол белгілерінің талаптарын сақтап, маршрутты алдын ала жоспарлап алу сұралады.

Бұған дейін Тараз-Шымкент республикалық тас жолының 546-557 шақырымындағы ("Ескі Құйық асуы") учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылған болатын.

Источник: Zakon.kz · Кәмшат Сатиева