Ақтауда 1,5 жасар бүлдіршінді қағып кеткен экс-полицей 1 жыл 6 айға сотталды

02.10.2026 19:43 · Персонально

Ақтауда 1,5 жасар бүлдіршінді қағып кеткен экс-полицей 1 жыл 6 айға сотталды

Ақтауда 1,5 жастағы баланың өліміне әкелген жол апатына қатысты сот үкімі шықты. Бұрынғы полиция қызметкері 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Lada.kz.

Маңғыстау облыстық сотының мәліметінше, Ақтау қалалық соты ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп таныған. Сонымен қатар ол бес жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді. Келтірілген залалды өтеу мәселесі сотқа дейін шешілген.

Қайғылы оқиға 13 мамырда Ақтаудың 27-шағын ауданында болған. Жол талғамайтын көлік 1,5 жастағы баланы қағып кеткен. Бала оқиға орнында қаза тапты.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Источник: Nur.kz · Айтолқын Адырбай