«Ақтауда ысталған балықтан бір отбасы уланып қалды»: комада жатқан 9 жасар баланы құтқару мүмкін болмады

07.10.2026 12:11 · Персонально

«Ақтауда ысталған балықтан бір отбасы уланып қалды»: комада жатқан 9 жасар баланы құтқару мүмкін болмады

Ақтауда тамақтан уланып, жансақтау бөліміне түскен 9 жасар бала көз жұмды. Баланың қайтыс болғанын туыстары растады, деп хабарлайды Lada.kz.

Отбасы мүшелерінің айтуынша, бала кеше, 6 қазанда жансақтау бөлімінде жатқан жерінде қайтыс болған.

Туыстары ауруханада ем алған баланың әкесінің жағдайы тұрақталғанын хабарлаған. Отбасының тағы екі мүшесі облыстық көпбейінді ауруханада емделуде.

Басылым баланың өлім себебі мен улануға әкеп соққан мән-жайлар туралы ақпарат алу үшін Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасына сауал жолдады.

Еске салсақ, бұған дейін бір отбасы мүшелері тамақтан уланып, ауруханаға жатқызылғанын жазған едік. Туыстары жағдайға дейін отбасы ысталған балық жегенін хабарлаған. 9 жасар бала бірнеше апта жансақтау бөлімінде жатқан. Дәрігерлер бала ауруханаға инфекциялық-токсикалық шокпен жеткізілгенін баяндаған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Источник: Nur.kz · Айтолқын Адырбай