Logo Logo
  • Главная
  • Новости
  • Персонально
  • Срочно
  • Человек и закон
  • Факты
  • В Мире
  • В Стране
  • О нас

Copyright © 2026 http://echo-january.com

Image
Токаев поручил ускорить крупный проект в Экибастузе
  • 21.05.2026 21:01

Токаев поручил ускорить крупный проект в Экибастузе

Аэропорт Алматы модернизируют в ускоренном режиме
  • 18.05.2026 21:06

Аэропорт Алматы модернизируют в ускоренном режиме

Что предусматривает концепция «Читающая нация»: Токаев подписал указ
  • 16.05.2026 21:05

Что предусматривает концепция «Читающая нация»: Токаев подписал указ

CATL начала сборку аккумуляторных модулей в Венгрии
  • 16.05.2026 21:03

CATL начала сборку аккумуляторных модулей в Венгрии

Новости

Ақылды министр: жасанды интеллект шенеуніктердің орнын баса ала ма

  • 03.03.2025 12:40

Қазақстанда жасанды интеллекттің мемлекеттік аппарат жұмысына ықпалы бағаланды, деп хабарлайды LS.

Мәжіліс кулуарында депутат Екатерина Смышляева болашақта жасанды интеллект шенеуніктердің орнын баса ала ма деген сұраққа жауап берді.

"Кейбір жұмыстарды ассистент ретінде атқара алады. Жалпы, әлемде әртүрлі тәсілдер бар. Кейбір жасанды интеллект агенттері белгілі бір деңгейде шешім қабылдау мүмкіндігіне ие, ал кейбіреулері ассистент ретінде жұмыс істейді. Бұл жағдайда мемлекеттік аппараттың бірқатар, әсіресе, күнделікті атқарылатын міндеттерін жасанды интеллект орындай алады. Осылайша, қызметкерлерге маңыздырақ мәселелермен айналысуға уақыт береді", — деп түсіндірді ол.

Алайда, депутат бұл технологияның елдегі мемлекеттік қызметкерлер санына қалай әсер ететінін дөп басып айта алмады.

"Жасанды интеллектті енгізу жаңа жұмыс орындарын да ашуы мүмкін, сондықтан қызметкерлер санының күрт өзгеруі туралы нақты айту қиын. Дегенмен, рутиналық жұмыстарды ИИ атқаратыны анық, бұл жұмыс жылдамдығы мен өнімділігін арттырады. Аналитика жасанды интеллект жүйелеріне жүктеледі, бірақ ол үшін мәліметтердің нақтылығы мен теңдей қолжетімділігі қажет. Бұл процеске көптеген факторлар әсер ететіндіктен, оның дамуын бақылап отырамыз", — деп атап өтті Е. Смышляева.

Сондай-ақ, спикерге жасанды интеллект мемлекеттік аппараттың шығындарын оңтайландыра ала ма деген сұрақ қойылды.

"Әрине. Бұл жасанды интеллект ықпал ететін кез келген аналитика мен басқа да процестердің шығындарын оңтайландыру туралы. ЖИ тиімді шешімдерді жылдам табуға мүмкіндік береді, ал бұрын мұндай шешімдерге қол жеткізуге күндер, тіпті жылдар қажет болатын", — деді депутат.

Өз кезегінде мәжілісмен Анас Баққожаев мемлекеттің жасанды интеллектті дамыту жоспарларына алаңдаушылық білдірді.

"Мен жасанды интеллектке сақтықпен қараймын, кейде тіпті алаңдаймын, өйткені оны деградацияға апаратын жол деп есептеймін. Жақында бір шенеуніктің басшысының мақтауына ие болу үшін материалдарын ChatGPT-ге жүктегенін естідім. Алайда, ол өздігінен ойлануға, талдау жасауға тырыспайды. Бұл технология кейбір шенеуніктер үшін жай ғана ыңғайлы құралға айналуда. Сонымен қатар, GPT-нің нақты кімнің мүддесіне жұмыс істейтіні белгісіз. Ертең осы деректердің бәрі бізге қарсы қолданылмайтынына кім кепіл?" — деп түйіндеді ол.

Бұған дейін, Қазақстанда жасанды интеллектті дамытуға қомақты бюджет қаражаты қажет болатыны хабарланған. LS редакциясы сондай-ақ, ЖИ қазақстандық бюджетті жоспарлауға көмектесетінін жазған.

  • жасанды интеллект
  • шешім
  • қабылдау
  • деректер
  • SHARE ARTICLE:

Новости

  • Токаев поручил ускорить крупный проект в Экибастузе 21.05.2026 21:01

    Токаев поручил ускорить крупный проект в Экибастузе

  • Аэропорт Алматы модернизируют в ускоренном режиме 18.05.2026 21:06

    Аэропорт Алматы модернизируют в ускоренном режиме

  • Что предусматривает концепция «Читающая нация»: Токаев подписал указ 16.05.2026 21:05

    Что предусматривает концепция «Читающая нация»: Токаев подписал указ

  • CATL начала сборку аккумуляторных модулей в Венгрии 16.05.2026 21:03

    CATL начала сборку аккумуляторных модулей в Венгрии

  • Новый завод по переработке отходов построят в Алматинской области 14.05.2026 21:09

    Новый завод по переработке отходов построят в Алматинской области

    21.05.2026 21:01

    В Мире

Токаев поручил ускорить крупный проект в Экибастузе

Read More

    09.05.2026 22:43

    В Мире

Наушники от Louis Vuitton и Levi’s на рэп-фестивале: Что нового в мире моды?

Read More

    08.05.2026 00:04

    В Мире

От Африки до Гавайев: необычная кухня в Chad Cafe

Read More

Tags

  • отходы
  • баранина
  • конкуренция
  • Айналайын
  • Прочее SOS-деревня
  • Ұят емес
  • Прочее Дети
  • Дайджест подарков
  • BORK
  • Levi’s
  • Louis Vuitton
  • Бренды Chanel
  • Интерьер
  • Доставка
  • Прочее Ритейл
  • Рядом Choco
  • Chocofamily
  • Бренды Sanofi
  • Прочее Питание
  • Азиатские пляжные игры
  • Заведения
  • Прочее Кулинария
  • Chad Cafe
  • Фастфуд
  • Ресторан
  • Жарка
  • Выносливость
  • Диджеи
  • Айнур Ниязова
  • Белки
Image Image

Copyright © 2026 http://echo-january.com

Email: [email protected]