Абай облысының полициясы 700-ге жуық аңшылық қаруды тексеруден өткізді
- 09.01.2025 13:56
2024 жылы Абай облысы бойынша 694 аңшылық қарудың бақылау атысы жүргізілді
Полиция департаментінің жедел-криминалистикалық басқармасы баллистикалық сараптама бойынша маңызды жұмыстарын жалғастыруда.
"Баллистикалық сараптама – криминалистиканың ең жоғары және күрделі бағыттарының бірі. Бұл деңгейге тәжірибе және ұзақ жылдық машықтану арқылы қол жеткізіледі. Қаруды бақылау үшін атумен оқ-дәрілердің үлгілері жинақталып, олар оқ-гильза қорына енгізіледі. Бұл жоғалған немесе ұрланған қаруды іздестіруде, сондай-ақ, қару қолданылған қылмыстарды ашуда маңызды құрал".
2024 жылы Абай облысы ПД жедел-криминалистикалық басқармасы 694 аңшылық қаруды тексеруден өткізіп, бақылау атысы жүргізілді.
Қаруды есепке алу және бақылау жұмыстары жалғасуда, бұл қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мен қылмыстарды ашуға ықпал етеді.
Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі